💤 Қасқырды күшік кезінен асырасаңыз, ол ешқашанда құйрығын бұлғаңдатып еркелемейді.
💤 Бөлтіріктесе жанындағы елді мекендердің малына шаппайды.
💤 Біздің дана халқымыз қасқырды атын тура атамаған, құтырып кетеді деп "итқұс", "ұлыма" деп атаған.
💤 Қасқырды терісінің үстіне бөстек қылып отырсаңыз, күні бойы денеңіз қызып жүреді. Ал терісінен аяқ киімге ұлтарақ қылып салсаңыз табаныңыздан еш уақытта суық өтпейді.
💤 Қасқырдың қаншығы кеудесінде жаны барда айын (жыныс мүшесін) қолға түсірмеуге тырысқан. Ал жараланғанда я оқ тигенде өзінің бөлтірік туар жерін қауып, жұлмалап тастайтын болған.
💤 Қасқырдың асығы мен иттің асығы бір - біріне еш ұқсамайды.
💤 Ұйыққан қасқырларға атам қазақ аңға шықпаған яғни атпауға тырысқан. Жазатайым атып қалса екеуін де атуға тура келген. Өйткені біреуі аман қалса, сол түні сол ауылдың малына қасқыр шабатын болыпты.
💤 Қасқырды қазақ халқы ешқашанда азаптап өлтірмеген. Оның тектілігінен, киесінен сескеніп қадірлеуге тырысқан. Азаптап өлтірсе киесіне ұшырармын немесе ұрпағыма зиян келер деп қорыққан.
💤 Аңшылар қасқыр аулаға шыққанда, мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған. Өйткені ол неше шақырымнан болса да мылтықтың иісін сезіп қояды.
💤 Қасқыр талаған қасқырдың тісі тиген малды қазақ қайта қатарға қосылмайды деп сойып тастап отырған.
💤 Қасқырдың тісі тік болмайды айқасып қалады көбіне қатты ашыққанда аузын ашып жүреді өйткені жағы қарысып қалады.
💤 Сондай-ақ қасқырдың ішігін киіп жылқыға жақындасаңыз, жылқы жануар бірден мінгізбей біраз үркіп қоятыны бар.
💤 Жаңадан туған жас қасқырларды:
1) Соқыр
2) Майтабан
3) Қарақұлақ
4) Бөлтірік
5) Көксерек деп атайды.
💤Ал қасқырдың боранды күні ұлып құтыратыны бәрімізге мәлім. Қасқырдың терісін сыпырып алсаң да, тектілігін ала алмасың деп ақылды қазақ бекер айтпаса керек.
💤 Қасқырдың ірі арландарының салмағы 60-80 келіге дейін барады. Ата - бабаларымыздың қасқырды тайыншадай дейтіні сондықтан.
💤 Қасқырдың ең ірі қасиеті - аң патшасы арыстан немесе аю секілді оны циркте ойната алмайсыз. Қолға үйрету - қиынның қиыны.
Иә, аюдай қара күшіңізден гөрі, қасқырдай рухыңыз биік болсын !